Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзін қорғаймын деп 4,5 жылға сотталған Жоламан Құсайын сотта әділдік тапты (ВИДЕО)

11:26, 19 ақпан 2025 3951

Жазда “қасақана ауыр жарақат салды” деген күдікпен сотталған Жоламан Құсайын бостандыққа шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Казочков өз телеграм каналында жазды. Журналист Руслан Өтепбай да бұл іске жіті араласып, Жоламанның үй ішімен тілдесіп, сот шешімін асыға күткен еді. Сот оң шешім қабылдады.

 Оқиға Павлодарда болған. 

“Қаңтар айында мен Павлодарда жазда болған төбелестің видеосын жариялаған едім. Онда бір жігіт екіншісіне шабуыл жасап, артынша қысқа ғана жекпе-жектен кейін жерге құлап, қайтыс болды. Сонымен қатар, шабуылдаушының қолында пышақ болған.

Нәтижесінде 21 жастағы Жоламан Құсайын сот алдында жауап беріп, қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда бүгін Павлодар облыстық соты бұл үкімді өзгертті. Жоламанның әрекеті қажетті қорғаныс шегінен асып кеткендіктен жасалған ауыр дене жарақаты деп қайта қаралып, ол 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ жазасын толық өтегендіктен, ол сот залынан бостандыққа шықты. Бұл істің әділ шешімін тапқанына өте қуаныштымын. Үміттенемін, прокуратура бұл мәселені қайта көтермей, Жоламан Құсайынды тыныш қалдырады. Айта кетейін, апелляция кезеңінде айыпталушының мүддесін адвокат Ерлан Ғазымжанов қорғаған”,- деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар