Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзін "қайыспас қаһарман" ретінде танытып жүрген "Дикий Арман" тамырын кеспек болды

16:25, 01 ақпан 2025 1278

«Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің өз-өзіне қол жұмсамақ болған. ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті  «Дикий Арманның» әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.kz  порталы.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, Арман Жұмагелдиев өзіне жеңіл жарақат салған. Оған дереу медициналық көмек көрсетілген, қазіргі жағдайы бірқалыпты деп бағаланып отыр.

«Сотталушы ерекше бақылауда ұсталады. Онымен колонияның психологтары алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды», —  делінген хабарламада.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне берілген түсініктемеде:

отталған адам өзіне жеңіл жарақат жасады. Медициналық көмек дереу көрсетілді... Осы факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалды", - делінген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар