Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзін кінәлі сезінгенін қаламаймын»: Баян Мақсатқызы ел күтпеген мәлімдеме жасады

10:24, 04 қыркүйек 2026

Белгілі продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жұбайы Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы отбасымен қарым-қатынасы және өткендегі реніштерді ұмыту туралы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сұхбат барысында журналист продюсерден Тұрсынның бірінші жарымен бір дастархан басында жиналуы мүмкін бе деп сұраған еді. Баян Алагөзова бұл жағдайға еш қарсылығы жоқтығын айтып, балалардың болашағы мен көңіл-күйін бірінші орынға қоятынын жеткізді.

Продюсер Тұрсын Алагөзовтің ұлы Арсен болашақта шаңырақ көтерсе, тойға жұбайымен бірге отбасы мүшесі ретінде қатысудан қашпайтынын білдірді. Оның сөзінше, мұндай қуанышты күнде баланың ата-анасы да, өзге де туыстары бір-бірімен сыйластықта болуы тиіс.

Ол дәл осындай ұстанымды өз қызы Айарудың болашақ тойына қатысты да ұстанатынын атап өтті. Продюсердің пікірінше, балалар ата-анасының бұрынғы келіспеушіліктері үшін өзін ешқашан кінәлі сезінбеуі керек.

«Балалардың әкесіне немесе анасына барған сайын ақталып, өзін кінәлі сезінгенін қаламаймын. Өткен – сағым. Барлық өкпе-ренішімді, көрген қиындығымды жіберемін. Мен тек бейбітшілік пен татулықты қолдаймын. Сондықтан есігіміз ашық», – деп түйіндеді сөзін ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар