Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзіміз кешірім сұрап бардық»: Атыраудағы трагедияға күдікті күйеу баланың анасы тың ақпарат айтты (ВИДЕО)

15:36, 24 ақпан 2026

Атырау облысы, Жангелдин елді-мекенінде орын алған қайғылы жағдайға күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы келінінің ата-анасына қатысты тың дерек айтты, деп жазады Alash.kz.

Сұлтанның анасы марқұм құда-құдағиымен қатынасының қалай болғанын түсіндіріп, келінімен алғаш танысқан сәтін еске алды.

«Отбасын көрмедің бе? Қарамадың ба? » дегенде, «Телефон арқылы таныстым» деді. «Ортасын, тектілігін қарамадың ба?» деп, күмәнмен сұрадым. Ұзату болған жоқ. Мал сойып, батасын бердік. Сұлтан алып қашып келді. Қуғыншы келген жоқ. Өзіміз кешірім сұрап бардық. Сыйлығымызды алып бардық. Жақсы қарсы алды. Құдағиым ренжіді. «Затыңды беретін едім. Неге айтпай кеттің» деді. Өкініш қой енді. Бәрін кешірді. Жақсы қабылдады. Құда-құдағиым жақсы адамдар еді. Тек ренжитінім, екі жыл бойы қызына келмеді. Ауырып жатыр ғой енді. Неге келмеді? Келіп бір маңдайынан сүйіп, «қызым-ау, бір реніш болған болар, кешір!» деп айтпады? Жұмбақ күйінде қалды. Әлі күнге дейін ойлаймын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар