Алматы метросында патрон алып жүрген студент ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Алматыдағы «Райымбек батыр» метро станциясында полицейлер кәмелетке толмаған колледж студентін ұстап, одан Калашников автоматына сәйкес үш дана патрон тәркіледі.
Күдікті анықталған бойда оқиға орнына Жетісу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған оқ-дәрілер арнайы сараптамаға жолданды. Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тәртіп сақшылары оқ-дәрілердің қайдан келгенін және оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.