5 маусым күні кешкі уақытта жоғалып кеткен кәмелетке толмаған Медина Мұратбекқызын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазды Alash.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында үйінен шығып, Рисмаш ауданындағы Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан бөгет маңында ойнауға кеткен. Содан бері үйіне оралмаған.
Қыз баланың ерекше белгілері:
-
бойы – 110-120 см;
-
дене бітімі – арық;
-
шашы – қара түсті, иығына дейін;
-
көзі – қоңыр түсті.
Жоғалған кезде үстінде:
-
ашық жасыл түсті гүлді футболка;
-
ақ түсті шорты;
-
көк түсті сүйретпе аяқ киім болған.
Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар мамандары, еріктілер, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.
Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар да іздеу шараларына қолдау көрсетіп отыр. Қыз баланы іздеу барысында арнайы із кесуші иттер, дрондар мен сүңгуірлер тартылған. Жедел-іздестіру топтары құрылып, қажетті жұмыстар жүргізілуде.
Мединаның фотосуреті мен сыртқы келбетіне қатысты мәліметтер барлық тиісті қызметтер мен аумақтарға таратылған.