Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстанда бокстан Олимпиада чемпионы сыйлыққа алған көлігі үшін жазаға тартылмақ

10:29, 27 қыркүйек 2024 131

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған спортшыға іздеу жарияланған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Gazeta.uz-ге сілтеп. 

Муйдинхужаев президент сыйлаған Chevrolet Tahoe маркалы көлігін жүргізген. Жарияланған видеодан оның сағатына 110 шақырым жылдамдықпен жүргенін көруге болады, ал Өзбекстанда қала ішіндегі жылдамдық 60 км/сағат нормасынан аспауы керек. 

Бұл жағдай боксшының жол қозғалысы ережелерін бұзғанын көрсетеді және оның бұл әрекеті ел ішінде кең талқылануда. 

«Заң барлығына ортақ, әрбір қылмыс үшін жауапкершілік қарастырылған. Жақын арада көлік табылып, шаралар қолданылады, және бұл туралы біздің ресми арналарымыз арқылы көпшілікке хабарлаймыз», - деді УБДД ГУВД хатшысы Кахрамон Худойберганов.

Айта кетейік, Асадхужа Муйдинхужаев Парижде 71 килоға дейінгі салмақта чемпион атанды. Елге келгеннен кейін оған Chevrolet Tahoe көлігі, 200 мың АҚШ доллары мен 2 қабатты үй сый ретінде табысталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?