Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстанда баласының тәрбиесіне жауапсыз қараған ата-ана 15 тәулікке қамалуы мүмкін

23:06, 16 қазан 2026

Өзбекстанда балаларының тәрбиесіне жауапсыз қараған ата-аналарға 9 млн сумға дейін айыппұл салынып, 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Ел президенті ата-аналар мен қамқоршылардың жауапкершілігін күшейту туралы заңға қол қойды, деп жазады Alash.kz.

Жаңа заңға сәйкес, мынадай жаза түрлері қарастырылған:

Баланы тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамағаны үшін 5-10 БРВ мөлшерінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 10-15 БРВ-ға дейін өседі.

Баланы діни білім алуға заңсыз тартқаны үшін 10-15 БРВ көлемінде айыппұл салынады. Құқықбұзушылық қайталанса, 15–20 БРВ айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Баланың міндетті білім алуына кедергі келтіргені үшін 15-20 БРВ мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда айыппұл 20-30 БРВ-ға дейін өседі немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар