"Естімен елде көп" деген осы шағар? Өзбекстанның Сұрхандария облысында 15 жастағы қызды 28 жастағы жігітке күштеп күйеуге берген.
Бір азамат қаржылай пайда алу үшін оларға шариғат бойынша неке қиған, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Өзбекстанның балалар құқықтары жөніндегі уәкілінің сөзіне сілтеме беріп.
Анықталғандай, 7 тамыз күні Денов ауданында тұратын 1958 жылы туған әйел кәмелеттік жасқа толмаған немересі А.Р.-ны (2009 ж.т. қыз бала) сол ауданда тұратын М.Р.(1997 ж.т.) есімді азаматқа күйеуге берген.