Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев чемпиондарға келесі олимпиадаға дайындалуды тапсырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz спорттық сайтына сілтеме жасап.
Себебі Мирзиёев Лос-Анджелесте Франция астанасындағы көрсеткішті басып озу керек деп отыр.
«2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына даярлықты қазірден бастау керек. Ол үшін Париждегі ойындардан тиісті нәтижелер мен қорытынды шығаруымыз керек», - деді Өзбекстан президенті жүлдегерлер мен бапкерлерді қабылдау кезінде.
Жалпы, Париждегі Олимпиада ойындары Өзбекстан тарихындағы ең сәтті болғаны сөзсіз, өйткені көрші ел 13 медаль, оның ішінде 8 алтын, 2 күміс және 3 қоланың арқасында жалпы командалық есепте 206 елдің арасынан 13-орын алды. Бұл көрсеткіш бойынша Орталық Азия мен ТМД елдерінің арасында – 1-орын, Азияда 4-орын иеленді.
Сөйте тұра Мирзиёев мұнымен тоқтап қалмау керек дейді. Ол Өзбекстан балуандар мен боксшылар тәрбиелетін ел ғана емес, жүзу, семсерлесу, футболшылар мен теннисшілердің де отанына айналу керек дегенді алға тартты. Сол арқылы келесі төртжылдықтың бас додасында үздік ондыққа кіру туралы тапсырма берді.
«Өзбекстанның 2028 жылғы Олимпиадаға басты мақсаты – ең үздік 10 елдің қатарына ену», - деді президент.