Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өз-өзіне қол жұмсады: Әскерде тағы бір қаза орын алды

15:16, 09 желтоқсан 2024 431

Әскерде тағы бір өлім орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

8 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында әскерри комиссар өз-өзіне қол жұмсап қаза тапты.

Stan.kz мәліметінше, ол өз кабинетінде асылып қалған. Суицидтің себебі белгісіз. 

Облыстық қорғаныс істері басқармасы, Ақтөбе гарнизонының әскери тергеу басқармасы мен прокуратурасы да ешқандай ақпарат бермеген. 

Куәгерлердің сөзінше, марқұм ішпейтін, темекі шекпейтін, болашағы зор қызметкер еді. Өз-өзіне қол жұмсаудың бір нұсқасы - отбасылық мәселе болуы мүмкін, дейді.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар