Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өз күйеуін 6 жерден пышақтаған” - Өскемендегі қанды оқиғаға қатысты сұмдық дерек мәлім болды

10:56, 10 тамыз 2025 300

Өскеменде отбасылық жанжал қанды оқиғаға ұласып, күйеуін пышақтап өлтірген әйел сегіз жылға сотталды, деп жазады Alash.KZ.

Шығыс Қазақстан облысының сотында жарияланған дерекке сүйенсек, қайғылы жағдай қаладағы жеке үйлердің бірінде болған. Сол күні отбасы шағын отырыс жасап, дастарқан басында ішімдік ішкен. Дәл осы сәтте үй ішіндегі ұзақтан бері жиналған ашу-ыза өршіп, айғай-шуға ұласқан.

Отбасымен бірге әйелдің қартайған әкесі де тұрған. Ол деменцияға шалдыққандықтан, күндіз-түні күтімді қажет ететін. Қарияға күтім жасау ауыртпалығы көбіне күйеуіне түсіп, бұл жиі жанжалға себеп болған.

Қайғылы күннің өзінде де шиеленістің оты осыдан тұтанды. Қарт кісі төсекке жіберіп қойып, соған ашуланған күйеуі оған айғайлай бастаған. Әкесін қорғауға ұмтылған әйел мен күйеуінің арасы қыза түсіп, дау асүйге дейін жалғасқан.

Сот материалдарына сәйкес, әйел қолына пышақ алып, күйеуінің кеудесіне, жүрегіне және арқасына алты рет соққы жасаған. Жараланған ер адам қашпақ болғанымен, әйелі оны қуып жетіп, тағы пышақ сұққан. Ауыр жарақаттар мен ішкі қан кету салдарынан ол сол жерде жан тапсырған.

Тергеу мәліметінше, қанды оқиға ішімдік әсерімен және отбасындағы ұзаққа созылған жүйке қысымынан болған. Әйел не істеп жатқанын толық түсінген және әрекетін тоқтатпаған. Қайғылы сәттен кейін өзі полицияға хабар берген.

Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын, бұрын істі болмағанын және қарт әкесіне қарап келгенін ескерді. Дегенмен бұл оны ауыр жазадан құтқармады. Үкім бойынша, Өскемен тұрғыны сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар