Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өз еркімен келген»: Нұрайдың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей өз нұсқасын айтты (ВИДЕО)

08:47, 24 қаңтар 2026

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қызметінен босатылған полиция офицері Әбілғазы заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында оқиғаның мән-жайын ашып айтты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Офицердің пайымдауынша, өзін және басшыларын жұмыстан шығару туралы шешім негізсіз қабылданған. Оқиға күні ол шақырту бойынша Шерханның үйіне барған және сол жерде қыз бен жігіттен жауап алған. Полицей бойжеткеннің өз еркімен келгенін растайтын бейнежазба бар екенін, бірақ Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі бұл дәлелді жариялаудан бас тартқанын алға тартты. Ол тоғыз жылдық еңбегінің ескерілмей, қоғамдық қысымның кесірінен құрбан болғанына наразы.

«Мені және басшыларымды себепсіз жұмыстан шығарды. Маған қатысты әділетсіздік жасалды, мені қоқыс сияқты лақтырып жіберді», - деді Әбілғазы өз сөзінде.

Сонымен қатар бұл жағдайдың соңы отбасылық трагедияға ұласқаны белгілі болды. Офицердің анасы ұлының жұмыстан қуылғаны туралы хабарды естіген соң, жүрегі шыдамай қайтыс болған. Қазіргі уақытта бұрынғы полицей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, істің әділ әрі жан-жақты қаралуын сұрап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар