Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева сұхбатында өзінің денсаулығына қатысты ерекшелігі және өмірінде болған тосын жайттар жайында әңгімеледі, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесі бала кезінен бері айкезбе (лунатизм) дерті бар екенін айтып, бұрын түнде байқамай сыртқа шығып кететін кездері болғанын жеткізді. Оның сөзінше, бұл жағдай әлі де сақталған.
Сондай-ақ ол өмірінде түсініксіз, тылсымға ұқсас сәттердің жиі болғанын атап өтті. Әншінің айтуынша, бір сапар кезінде жол бойында көлікте тынығып жатқанда ерекше құбылысты бастан өткерген. Ол өзін ұйықтап жатқан күйінде сырттай көргендей әсерде болғанын баяндады.
Қазір Айгүл Иманбаева діни білім алып, имамдармен кеңесіп жүргенін айтты.