Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандардың ішінде Қостанай облысының тумасы бар, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұшақта қаза болғандардың ішінде бұған дейін Қазақстанның бірнеше азаматы бар екені хабарланған болатын. Қазақстан азаматтарының ішіндегі екеуі Ақтау, біреуі Жаңаөзен тұрғыны екені белгілі болып отыр.
Тағы бір азамат – Жұмағұлов Бауыржан Жұмабекұлы. Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол “ӨзенМұнайГаз” компанияында жұмыс істеген. Артында алты баласы қалды.