Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Отставкаға кетсін»: Ауған соғысының ардагерлері министрге неге ашуланды?

20:50, 24 қазан 2024 989

Әлеуметтік желілерде Ауған соғысы ардагерлерінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға шағымданған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Alash.KZ. Шағым жасағандардың айтуынша, шенеунік оларға берген уәдесін орындамаған көрінеді. 

Жүгінгендердің айтуынша, қазанда министр Ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, тәжік-ауған шекарасында, Таулы Қарабахта және Иракта соғысқан бұрынғы жауынгерлерді басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдарына қатысушыларға теңестіруге уәде берген.

Сондай-ақ олар бұл мәселеге қатысты жұмыс тобы 2024 жылдың ақпан айында құрылуы тиіс болғанын еске салды. Сол кезде оларға жұмыс тобына ардагерлерді білдіретін республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретінін айтқан. Алайда шағымданушылардың айтуынша, жұмыс тобы әлі де құрылмаған, деп жазды Ulysmedia.kz.

"Менің ойымша, бұл оның тарапынан өте әділетсіз және орынсыз әрекет. Бұлай жасауға болмайды. Уәдені орындау керек. Әрине, қазіргі уақытта әлеуметтік, нақтырақ айтқанда, ардагерлер арасындағы алауыздықтың туындауы дұрыс емес деп ойлаймын", – деді шағымның авторы.

Ол барлық ардагерлер өмірлерін бірдей қатерге тіккенін, ал мемориалдық тақталарда қаза тапқандардың арасында олардың да есімдері болуы мүмкін екенін айтты. Бір ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерді басқаларынан жоғары қою дұрыс емес деп санайды ер адам.

"Біз сізді отставкаға жіберуді талап етіп отырмыз", – делінген видеода.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің деректері бойынша 19 мыңға жуық ауған соғысының ардагері тұрады, оның үш мыңы мүгедек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар