Трамп Мадуроға отбасы мүшелерін жанына ертіп, Венесуэладан кетіп қалуы үшін бір ай мерзім берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
АҚШ президенті Дональд Трамп қараша айында Венесуэла басшысы Николас Мадуромен телефон арқылы сөйлесті. Ол 28 қарашаға дейін елден қауіпсіз түрде кетуге уақыт берген. Алайда Мадуро белгіленген мерзімде талапты орындамады. Кейін Вашингтон Венесуэла үстіндегі әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдады.
Reuters басылымының мәліметінше, Вашингтонның Каракасқа жолдаған хабары өте нақты болған:
Мадуро, оның жұбайы мен ұлы елден аман-есен шыға алады, бірақ ол үшін мемлекет басшысы дереу отставкаға кетуге келісуі тиіс.
Сарапшылар Трамп әкімшілігінің бұл қадамын Венесуэла билігіне көрсетілген саяси және экономикалық қысымды күшейтуге бағытталған қосымша шара деп бағалайды. Олардың айтуынша, әуе кеңістігін жабу - АҚШ-тың біржақты шешімі және Мадуроны биліктен кетуге мәжбүрлеу стратегиясының бір бөлігі.