Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өткір затпен салған жарақаттар бар»: Атыраудағы қанды оқиға туралы тың ақпарат белгілі болды

09:14, 12 наурыз 2026

Атырау қаласындағы «Геолог» ықшамауданында табылған 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп жазады Alash.kz. 

Тергеу органдарының мәліметінше, марқұмдардың денелерінде өткір затпен салынған жарақаттар бар.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов түсіндірді. Ол полиция тарапынан қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын және сот-медициналық сараптама тағайындалғанын жеткізді.

«Денелерінде өткір затпен салынған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Құттыбай Садықов.

Мамандар аталған сараптама қорытындысы арқылы марқұмдардың өліміне нақты не себеп болғанын және олардың қашан көз жұмғанын анықтамақ. Тергеу амалдары қазіргі уақытта қарқынды түрде жалғасуда. Бұған дейін аталған азаматтардың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар