Қазақстанның Халық Әртісі Димаш Құдайберген халықаралық деңгейдегі авторлық «Көкжиектен асқан үн» жобасының алғашқы эпизоды экранға шыққанын қуанышпен хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесіне әлемнің түкпір-түкпірінен танымал әншілер қолдау білдірген. Олардың қатарында Саймон Уэбб, Лара Фабиан, Пласидо Доминго, Маурисио Сулейман, Андреа Бочелли, Игорь Крутой, Степан Хаусер сынды ғаламның жұлдыздары бар.
Жобамызды қолдап, құттықтаған әлемдік жұлдыздарға және барша қолдау білдіріп жатқан ағайынға үлкен рахмет! Бұл біз үшін өте қуанышты әрі шабыт беретін сәт. Осындай қолдау алға қарай одан әрі сеніммен қадам басуға күш береді! Жобаның 1 эпизоды көрермендерге жол тартты. Келесі аптада көріскенше!