Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путиннің арасындағы келіссөздер үшінші мемлекеттің араағайындығымен өтуі мүмкін, деп жазады Alash.kz.
Украина билігі осындай кездесуді ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеп, бірқатар бейтарап елдерге, соның ішінде Түркияға ресми қолқа салған. Алайда ресми Киев кездесу өтетін орынға қатысты өздерінің кесімді талаптарын алға тартып отыр.
Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибиганың айтуынша, келіссөздерді өткізу үшін тек бейтарап алаңдар ғана қарастырылады. Украина тарапы Мәскеу мен Минск қалаларында кездесу өткізу мүмкіндігін толықтай жоққа шығарды. Қазіргі уақытта Киев дипломатиялық арналар арқылы диалог орнатуға септігін тигізе алатын мемлекеттермен келіссөздер жүргізуде.
Министр Сибига кездесудің орны мен маңыздылығына тоқтала келе:
«Егер Мәскеу мен Минскіден бөлек басқа кез келген астана мұндай кездесуді ұйымдастырса, біз барамыз. Және бұл біз үшін өте маңызды», – деп мәлімдеді.