Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Отбасым… Талабым қатал. Арамызға салқын түссе…»: Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы көпті ойландырды

17:20, 21 қыркүйек 2026

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жазба жариялап, өмірлік ұстанымы туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі көпшілік оны сырттай әртүрлі қабылдауы мүмкін екенін айтып, өзінің шынайы болмысы туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ ол айналасындағы адамдарға қоятын талабы жоғары екенін айтты. Алайда араға сызат түссе, қарым-қатынасты бір-ақ сәтте үзетінін ашық жеткізді.

«Мен біреуге аққу, енді біреуге қарға болып көрінуім мүмкін. Ол маңызды емес. Көпшілік менің маңдайымнан бақ, басымнан тәж көргенімен, өзімді іштей жауынгер сезінемін. Менің ұстанымымда отбасым, балаларым, жақындарым, командам менің қамқорлығымда болғаны үшін жауаптымын. Иә, талабым қатал. Бірақ менің айналамдағы адамдарды ешкімге ренжіткізе алмаймын. Жақыным деп тапқан қарым-қатынасымды құпия, жария ұстау да өз еркімде деп білемін. Ал егер арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар