Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Отарда комаға түскен сарбаз: Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырма берді

20:11, 17 маусым 2024 575

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды», - деп хабарлады Берік Уәли.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында комаға түске сарбаз жайлы жазылған болатын.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сарбаздың жағдайы туралы пікір білдірген еді.

Ведомствоның мәліметінше, науқас Қордай аудандық орталық ауруханасына 9 маусымда сағат 08:18-де Гвардейск әскери госпиталінен жедел медициналық көмек көрсетілуі үшін «полисегментарлық пневмония» диагнозымен түскен. Жігітке оң жақ плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок, сепсис, органдар жетіспеушілігі синдромы, мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозы қойылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар