Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Отаншылдық, еңбек, прогресс, білім құқықтарын бекіту»: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басымдықтарын түсіндірді

18:45, 30 қаңтар 2026

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Ата заңдағы мемлекеттік дамудың негізгі идеологиялық және әлеуметтік басымдықтарын таныстырды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Құжаттың жаңа жобасында халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мен қоғамдық сананы жаңғырту мәселелеріне басымдық берілген.

Реформа аясында айқындалған басты бағыттар келесідей болды. Мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаты ретінде азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселесі бекітілді. Еңбек адамына құрмет көрсету, білім мен прогресс құндылықтарын мемлекеттік деңгейде қолдау тетіктері қарастырылған. «Таза Қазақстан» жобасы арқылы қалыптасқан жаңа экологиялық сананы нығайту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамыту маңызды деп танылды.

Ерлан Қарин отаншылдық пен жасампаздық ұғымдарының маңызын былайша түсіндірді:

«Отаншылдық – іс-әрекетімен ел мүддесі үшін жұмыс істеу. Ал жасампаздық – оны нақты істермен бекіту, сындарлы диалогпен дәлелдеу. Қоғамдық диалогты дамыту. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы сенім тірегі. Еңбек, прогресс, білім құқықтарын бекіту. Еңбек адамдарына, білімпаздарға мемлекеттік деңгейде көрсетіліп жатқан құрмет пен қолдау – соның айғағы. Жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру. Бірнеше жылдан бері жемісті жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» жобасы халықтың табиғатқа, айналаға деген сана-сезімін өзгертуде. Осы істі әрі қарай ілгерілету маңызды».

Бұл өзгерістер жиынтығы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеріп, сындарлы диалог арқылы ұлттық бірлікті нығайтуды көздейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар