Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Отандық киноны қазақ тілін білмейтін сарапшылар іріктейді" - Талғат Теменов

19:20, 20 наурыз 2025 370

Ұлттық киноны қолдау орталығының сараптама кеңесінде қазақша білмейтін адамдар отырады. Бұл туралы Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов «Түскі формат» мінберінде айтты, деп жазады Alash.kz. 

Көрермен назарына қандай фильмдер шығатынын мемлекеттік тілді меңгермеген адамдар шешетіндіктен бірқатар туындылар жарыққа шықпайы жатады,-дейді режиссер.

Ал Ұлттық киноны қолдау орталығының өкілі Әділет Омаров бұл тұжырымды жоққа шығарды. Оның айтуынша, сараптама кеңесінде Теменовтың өзі де болған. Тұңғышбай Жаманқұлов, Смағұл Елубай сияқты қазақ киносының марқасқалары болған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар