Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Отандық медицинадан опық жеген жан. Қос бірдей жақынынан айырылған ана шындық айтып, шағым түсірді

09:36, 22 мамыр 2024 468

Жезқазған қаласында биыл 12 сәби өмірімен қош айтысқан. Дәрігерлер нәресте өлімінің жиілеуіне себеп көп деген пікір айтса,ата-аналар «мұның бәрі мамандардың салғырттығынан» деп айыр тағып отыр. Сонымен қатар, олар өлім дерегі көбейген ауруханаға тексеріс жүргізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Almaty.tv-ге сілтеп.

Дәрігерлердің салғырттығынан жақынынан айырылдым деп зар жылайтын жандардың қатары көбейгені байқалады. Сәтбаев қаласының тұрғыны Сәуле Баекенова 2023 жылы қызы мен жиенінен қатар айырылған. «17 қаңтарда қызымның денесінде ісік пайда болып, дәрігердің қаралуына барды» деген ана перзентін облыс орталығындағы ауруханаға жатқызады. Қан қысымы жоғарылап, денесі ісіген келіншек ем-домын алғаннан кейін үйіне жіберілген. Алайда арада көп уақыт өтпей, науқастың жағдайы қайта нашарлап, ауруханада жаңа туған сәбиінен айырылады. Құрсағындағы баласын қолына алмаған әйелдің өзі де көп ұзамай өлім құшқан.

– Барлық іш-құрылысы суға толған. 21 қаңтарда есінен айырылып, 15 минуттай жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер жақсы болды деген, бірақ 26 қағтарда жағдай қайталанды, 28-і жүрегі тоқтап қалды. Арнайы зерттеу жүргізіп, заңды жүзінде дәрігердің салғырттығын дәлелдегім келеді, – деді Cәтбаев қаласының тұрғыны Сәуле Баекенова.

Жалғыз қызынан айырылған ана жағдайға тікелей кінәлі деп санайтын Жезқазғанның дәрігерлеріне шағым қалдырған. Алдағы уақытта дәл осындай оқиға қайталанбас үшін, ол жұмысына салғырт қараған медицина қызметкерлерін әділ жазалауды сұрайды.

Ұлытауда мұндай жағдай жиілегені хабарланды. Ресми ақпарға сүйенсек, сәби өліміне себеп болатын жайттың көбі – тыныс алу органдарының ауруы.

2024 жылдың 4 айында Ұлытау облысы бойынша 12 нәресте өлімі тіркелген. Былтыр 19,ал биыл 3 қылмыстық іс тіркелген. Аталған фактілерге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар