Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өсуімізге өзіміз балта шабамыз: Елдос Сметов анасына тіл тигізген халыққа қатты ренішін білдірді

12:38, 13 тамыз 2024 430

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Gap Podcast youtube-арнасына берген сұхбатында халыққа ренішін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Елдос Сметов өз өмірі өзінің қолында екенін тілге тиек етті. 

"Әлеуметтік желіге қарап қалсаң, қарның ашып қалады. Өсуімізге өзіміз балта шапқандай боламыз. Өйткені өз қазағың қандай жетістікке жетсе де "жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дегендей, жаманды көріп тұрып оны одан сайын жерге тығамыз. Қайдан келген дүние екенін білмеймін. Тіпті бұл нәрседе қандай атақ-абырой бар екенін де білмедім. Мүлдем түсіне алмадым. Әлеуметтік желіге қарамаймын десем де, әйтеуір бір қарап қоя беремін. Олимпиада чемпионы болдым, "енді ештеңе жазылмайтын шығар" деп ойладым. Менің жүріс-тұрысым, келіншегімнің артта жүруі, жанында анасының жүруі - бәрі сөз болды. Қалай шықсам да бұл - менің қуанышым", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар