Бүгін Өскемен қаласында жағымсыз жағдай орын алды. Қалалық автобуста бір ер адам кәмелетке толмаған қыздарға тиіскен, деп хабарлайды Alash.kz.
Қыздар қорқып, өз аялдамаларына жетпей автобустан түсіп қалған. Сол кезде бір жас жігіт араласып, әлгі адамды тоқтатуға тырысқан. Ол оны «педофил» деп айқайлап, басқа адамдардың назарын аударған.
Салонда төбелес шыға жаздаған, жігіт ашуын ұстай алмаған.
Ал кондуктор керісінше, жанжал шықпасын деп, жігітке әлгі адамды автобустан күштеп түсіруге мүмкіндік бермеген. Полиция осы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтап, бәрін тексеріп жатыр.