Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өскеменде кафе қожайыны көшеге "адам мүрдесін ілді"

13:59, 26 қазан 2024 1262

Өскеменде қара кебінге оралған мүрде елдің назарын аударды. Кафе иесіне хэллоуинге арналған аумақты тұрпайды  безендіргені үшін айыппұл арқалаған, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Оның діңгекке ораған мәйіт декоры көпшіліктің үрейін ұшырды.

"Қорықпаңыз, бұл - муляж. Өскемендегі кафелердің бірінде олар Хэллоуинге жақын аумақты осылай безендіруге шешім қабылдады", - делінген басылымның сипаттамасында.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Олар мекеменің 29 жастағы иесі қалалар мен елді-мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Тамақтану орталығының иесіне 30 АЕК айыппұл салынды

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар