Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Орыс визажист қазақтар келсе басқаша қарайды". Жазира Байырбекова түсірілім алаңында шу шығарды

"Орыс визажист қазақтар келсе басқаша қарайды". Жазира Байырбекова түсірілім алаңында шу шығарды

Танымал әнші Жазира Байырбекова түсірілім алаңында ашуланып, сөзге келіп қалды, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі бағдарламаның түсірілім тобына көңілі толмағанын жеткізді. 

“Менің ашуланып, сөзге келуім – өте сирек құбылыс. Екі жылда бір болатын шығар, бірақ осы бағдарлама түсірілімінің алдында бет әрлеушімен сөзге келдік. Бағдарламаның атын айтпай-ақ қояйын. Орыс визажист қазақтар келсе басқаша қарап, маған "бетіңізді жақындатыңыз, үстелге жақын отырыңыз" деп дөрекілік көрсетіп, "Тұмар" ансамблін қабылдамай, телефон қарап отыр. Содан басталды бәрі", – деді әнші. 

Желі қолданушылары бет әрлеушінің қылығын қатты сынап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 23
  • 1
  • 1
  • 1
  • 7
Жарнама
Соңғы жаңалықтар