Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ормузды бақылауға алыңыздар!»: Трамп одақтастарына өткір үндеу жасады

13:00, 02 сәуір 2026

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери науқанға қатысудан бас тартқан және энергия ресурстарына мұқтаж мемлекеттерді батыл қадамдар жасауға үндеді, деп жазады Alash.kz.

Ол одақтастарға мұнайды тікелей Құрама Штаттардан сатып алуды немесе Ормуз бұғазына өз бетінше бақылау орнатуды ұсынды. Трамптың пайымдауынша, Иран тарапы қазірдің өзінде стратегиялық тұрғыдан жеңіліс тапты, сондықтан бұғазды бұғаттан босату мәселесін шешуге оған мүдделі тараптардың өздері белсене араласуы тиіс.

Қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктері де аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін нақты шараларға көшуді жоспарлап отыр. Абу-Даби билігі БҰҰ Жарғысының әскери күш қолдануға рұқсат беретін 7-тарауын негізге алуға ниетті. БАӘ дипломаттары АҚШ-ты, Еуропа мен Азияның жетекші державаларын халықаралық коалиция құруға шақырып, наурыз айынан бері жабық тұрған су жолын ашуды талап етті.

Ақ үй басшысы өз мәлімдемесінде энергия тапшылығын сезініп отырған елдерге бағыт беріп:

«Баяғыдан жетіспей жүрген батылдық жинап, бұғазға барыңыздар да, оны жай ғана бақылауға алыңыздар», — деп атап өтті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар