Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өрмекші адам, Месси мен Роналду, Робот» – Сайлау учаскелеріндегі ерекше образдар мен қызықтар

10:55, 23 тамыз 2026

Сайлау күні еліміздің әр өңіріндегі учаскелерде тосын әрі ерекше сәттер тіркеліп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Елордада жергілікті тұрғын сайлау учаскесіне үй киімімен және адамға ұқсас роботты ертiп келіп дауыс берсе, Алматының Бостандық ауданындағы №294 учаскеге «Месси» мен «Роналдудың» киімін киген екі дос келіп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс бермес бұрын мектеп ауласында доппен жаттығу жасап та үлгерді.

Сонымен қатар Ұлытау облысының Қызылжар ауылында Қазақстандағы ең қарт тұрғындардың бірі — 116 жастағы Түймегүл Темірбаева да өз таңдауын жасап, елге тыныштық пен жарқын болашақ тіледі. Өмірінің көп бөлігін еңбекке арнаған кейуананың қазір 15 немересі мен 25 шөбересі бар.

Бұдан бөлек, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №195 сайлау учаскесінде ерекше есімімен танымал Атазаң есімді баланың әкесі Бауыржан Бабатов та азаматтық бoрышын орындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар