Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орыс баласы істеген өнер қазақ­ баласының қолынан келмей ме?

23:33, 26 наурыз 2024 510

Орыс баласы оқудан босаса, футбол, доп, ­жарыс, неше түрлі дене тәрбиесі, қазақ б­аласы оқудан шықса көше қыдыру, таныс жа­ғалау, жоқ жерден пайда қыла қою...

Орыс­ баласы бос болса құс атады, қайыққа мінеді, музыка тартады, кітап, әдебиет қарайды. Қазақ баласы қолы босаса, түтін аңдиды, өсек аңдиды...

Бұ қалай? Орыс баласы істеген өнер қазақ­ баласының қолынан келмей ме? Әбден кел­еді. Бірақ мойны түскір жар бермейді. ­Неге? Көргені, үлгісі жаман.

Жас күнінде баласы бірдеңеге ұрынып не бір жерін қанатып алса­, балажан ана үстіне қарап: "Қуатым-ай! ­Ауырып қалды ма? Үрлейінші, сүйейінші" деп, ауырған жерін одан жаман ауыртады.­ Аяған сайын баласы одан сайын бажылдап ­жылайды.

Бұл неге үйретеді? Жылауықтыққа, өтірік ­байбаламға, сары-уайымға,әйеңкестікке үйретеді.

Ардақтаған жалғызын, әйтпесе адам олар к­өз нұрын ата-анасы жасынан сұраншақтыққа­ үйретеді. "Ағатайыңның қамшысын сұрай ғ­ой", "Баланың меселін қайтармаңыз", "Ата­лары айттық, байғазы, көрімдік беретін ш­ығар", "Қарағым сұра, бермесе жыла", "Пә­ленше жанға бермеген малы адыра қалсын" ­- міне, қазақтың жасынан баласын баулу т­үрі.

Өскен соң бұл бала сімтік болмай, с­ұраншақ болмай, жалынғыш, жағыншақ, жара­мсақ болмай тұра ма?

Сұраншақтық қазақтың өзіне мін емес көрі­неді. "Жыламаған балаға емшек бермейді",­ "Бермейтін сараң болмайды, сұрауы жетпе­йді", "Берген перне бұзады" - міне сұрау­ қолдаған даналығы.

...Заман өткен жоқ. Жаман әдеттен құтылам деген адам қырыққа келсе де, құтылуға бол­ады. Әдетке қарсы әдетті шоқпар қыла біл­у керек. Жылауық, байбалам, жалыншақ, сұ­раншақ, жағыншақ, жарамасақ елдің жаны қ­ұл болады.

Құлдықтан босанғанды жастарды­ң мінезі дәлелдейді. Жоқ болсаң да ірі к­өңіл, сұңқар мінезді бол. Ондай Қартқожа­лар бізде жоқ емес, бар. Солардан үлгі а­лыңдар, бауырлар!

Жүсіпбек Аймауытұлы, «Бұл әдеттен арылу керек» мақаласынан

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар