Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қоғам белсендісі Оразәлі Ержановтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ.
ПД мәліметінше, әлеуметтік желілерде шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалану арқылы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат, референдумға бойкот жасауға шақыру және азаматтарды жаңылыстыруға бағытталған өзге де мәлімет жарияланғаны анықталған.
"Бұл дерек бойынша сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Оның әрекетіне түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесінде беріледі", - деді полиция.