Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оралда Lexus мінген мас жолаушылар полицейлерге шаптығып, шабуыл жасады

09:53, 09 маусым 2024 637
8 маусым күні, таңертең, патрульдік полиция Орал қаласы, Ихсанов көшесінде Lexus автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік жүргізушісі мен оның жолаушысы екеуі де мас болған. Тәптіп сақшыларына қасарысып, жолаушы бағынбаған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Жүргізушіні медициналық мекемеге жеткізбек болған тәртіп сақшыларына көліктегі жолаушы кедергі келтірген. Сараптамада Lexus жүргізушісінің орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталып,әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар