БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жеке тұрғын үйде болған, деп жазады Alash.KZ.
Бір отбасының 6 мүшесі: анасы және 5 бала улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген.
Олар жалдамалы тұрғын үйде тұрған.
Қазіргі уақытта барлығының жағдайы тұрақты.
Алдын ала мәлімет бойынша тұрғын үйде газ жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша тиісті келісім болмаған.
«Аталған дерекке қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады», - дейді әкімдіктегілер.