Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орал мен Атырауға "мезгілсіз келуі мүмкін" тасқын суды онлайн режимде бақылауға болады

19:55, 17 сәуір 2024 721

Кез келген адам, қала тұрғыны қызыл су келіп қалуы мүмкін деген Орал мен Атырауда не болып жатқанын онлайн режимде көре алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Кез келген азамат мына сілтеме бойынша өтіп, су басқан аумақтардағы жағдайды онлайн түрде көре алады. Онлайн түрде Орал және Атырау қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және жергілікті жердегі жағдайды тексеру бойынша жұмыстарды да көру мүмкіндігі бар", - делінген жазбада.  

Cонымен қатар, Мусин өзінің парақшасында бейнебақылау камераларды онлайн режимге шығару жөніндегі ұсынысының қолдау тапқанын айтты: 

Біз онлайн режимде әкімдіктердің қандай іс-әрекеттер жасап жатқанын қалай бақылауға болатынын көрсеттік, бұл мүмкіндікті барлығы көре алатындай және төтенше жағдай кезінде болып жатқан оқиғалар туралы түсінікке ие болатындай етіп онлайн режимде шығаруды ұсындық. Премьер-министр Орал және Атырау қалаларындағы су тасқынына қарсы жүріп жатқан іс-шаралардың барысы туралы бейнебақылау камераларды онлайн режимге шығару жөніндегі ұсынысымызды қолдады.
Құрметті оқырмандар, сіздер де судың ағысын осы сілтеме арқылы бақылай аласыздар: 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар