Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқыс оқиға: Жасөспірім 15 метрлік жардан құлап кетті

10:32, 18 шілде 2025 111

Алматы маңындағы таулы аймақта жасөспірім биіктігі шамамен 15 метр болатын жардан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Оқиға «Үш Ағайынды» шыңынан түсу кезінде болған. Құтқарушылардың мәліметінше, үш жасөспірім таудан түсу барысында бағдардан жаңылып, бірі жардан құлап, есінен танып қалған. Оқиға туралы хабар кезекші бөлімге сағат 16:50-де түскен. Зардап шеккен жасөспірімге тек сағат 21:46-да жету мүмкін болған.

Болжам бойынша, оның иығы, шынтағы, жамбас сүйегі сынған және омыртқасына зақым келген болуы мүмкін. Жағдайының ауырлығына байланысты оны жер арқылы тасымалдау мүмкін болмаған.

Құтқарушылар зардап шеккен баланы эвакуациялау үшін тікұшақ шақырған. Жасөспірім Алматыдағы №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Қазір дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Жағдайы — ауыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар