Оқушылармен бірге билеген мектеп директоры елді сүйсінтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ulysmedia мәліпетінше, оқушылардың оқу жылының басталуына орай өткізілген іс-шарада билеген директор – Алматыдағы 209 мектепте еңбек ететін Болат Мыңбаев атты азамат болып шықты.
Оның мектепте 15 жылдық тәжірибесі бар. Өзі Махамбет Өтеміс атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі.
Әлеуметтік желіде директорды бәрі мақтап, жазып жатыр.
– Нағыз ұстаз деп осы кісіні айт!
– Директор нағыз өз орнында отыр!
– Бұл кісі менің мұғалімім болған. Керемет ақкөңіл әрі мейірімді адам.
– Балаларға деген құрметі сезіліп тұр, – деп жазады жазылушылар.