Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқу бағдарламасына жыныстық сауат пәні енгізіле ме?

11:15, 01 ақпан 2024 316
Оқу-ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаева министрлік мектептерде келеңсіздіктерді болдырмау жұмысын жүргізіп жатқанын айтты.
«Балаларға жыныстық, тұрмыстық, моральдық зорлық көрсетуге қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Кешенді жоспар жасалған. Педагогтарға, оқушыларға өздерін қалай ұстау керек екеніне қатысты алгоритм дайындалды. Біз ата-аналарға да зорлық көргеннен кейін өздерін қалай ұстау керек екені туралы алгоритм құрдық. Бірақ ең бірінші кезекте отбасындағы тәрбиеге көп нәрсе байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Мемлекет болып, қоғам болып зорлық-зомбылыққа төзбей, қарсы болсақ қана нәтиже болады. Бұл тақырыпқа ерекше назарымызды аударып отырмыз», – деді ол.

Бұдан бөлек, ол «жыныстық сауат пәні енгізіле ме?» деген сұраққа жауап берді.
«Балаға анасы немесе әкесі айтуы керек тақырыптар бар. Жыныстық тәрбие биология сабағында, сынып сағаттарында қажет деңгейде айтылады. Ал мұндай жеке сабақты біз енгізе алмаймыз. Өйткені адамның анатомиясы, басқа да мәселелер осы сабақтарда бар», – деді вице-министр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар