Ақтауда 15 жастағы мектеп оқушысы биіктіктен құлап, көз жұмды деп жазады Alash.kz.
Қайғылы оқиға 6 сәуірде Ақтаудағы 13-ші шағын аудандағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Алдын ала болжам бойынша, суицид мүмкіндігі қарастырылып отыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.