Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оңтүстік Кореяда жұмыс істеген Қазақстан азаматы қаза тапты

14:09, 10 сәуір 2024 878

Оңтүстік Корея зауыттарының бірінде жұмыс істеген Қазақстан азамат мерт болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Шекарадан шеткеріде болған қайғылы қазаны Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Қазақстан азаматы зауытта көз жұмды. Қазір біз марқұмның туыстарымен байланысып, керек құжаттарды рәсімдеп жатырмыз, - деді Айбек Смадияров.

Қайғылы оқиға 8 сәуірде Чонджу қаласында болған. Шыны өндіру зауытындағы ағынды суларды тазарту қондырғысында 30 жастағы қазақстандықты тоқ соққан. Ол ауруханада көз жұмды.

Жергілікті полиция мен Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар