Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, ұлының басынан өткен қиын жағдайлар туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
«Бір күні келіп «Әке бәрін қойсам қайтеді, шаршадым» деді. Аяқтан шалады ғой. Сонда «Өзіңнің таңдаған жолың ғой. Онда жүр, базарға барып, ағаш сатайық» дедім. «Жоқ, сата алмаймын» дейді. «Енді не дейсің?» деймін мен. Бір тойға бара алмай қалса, сол облыстағы адам қызметтен кеткенше түрлі жолмен кедергі жасайды. Сондай жағдайлардан кейін шаршағаны ғой», - деді Нұртас Айдарбеков.