"Өнердегі ең ауыр нәрсенің бірі – өз әріптестеріңнен қолдау көрмеу" - Әнші Ерлан Рысқали Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
15:16, 04 маусым 2026
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Белгілі дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында КешYOU тобының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбековаға қатысты желіде жазылып жатқан пікірлерге қатысты өз ойын айтты, деп жазады Alash.KZ
"КешYOU тобының жиырма жылдық тарихында талай талантты қыздар өнер көрсетті. Олардың әрқайсысының өз орны, өз көрермені бар. Дегенмен, әншілік шеберлік, дауыс мүмкіндігі, табиғи талант, сахна мәдениеті және орындаушылық деңгей тұрғысынан қарағанда, мен үшін Мөлдір Әуелбекова жеке дара тұрған әнші. Бұл — біреуді кемсіту немесе біреуді екіншісінен жоғары қою үшін айтылған сөз емес. Бұл — маман ретінде көп жылдық тәжірибеме сүйеніп айтқаным. Өнерде бәрі бірдей болмайды. Біреу сұлулығымен ерекшеленеді, біреу еңбекқорлығымен, біреу харизмасымен, ал біреу Алла берген ерекше талантымен дараланады. Мөлдірдің бойында сол сирек кездесетін табиғи әншілік талант бар" депті Ерлан Рысқали.
Желідегі оқырмандар да Мөлдір Әуелбекованың сирек талант иесі екенін мойындап, жағымды пікірлер жазып отыр.
Ерлан Рысқали желіде әншіге қарата жазыған ауыр сындарға қатысты ойын түйіндей келіп:
"Сондықтан дәл осындай кезде қарындасымызға тас атқаннан гөрі, қолдау көрсеткеніміз дұрыс. Өнердегі ең ауыр нәрсенің бірі – өз әріптестеріңнен қолдау көрмеу. Кім не десе де, мен Мөлдір қарындасымды өте талантты, кәсіби деңгейі жоғары әнші деп есептеймін. Ең бастысы – адамды ғайбатпен емес, өнерімен бағалайық. Қарындасым, саған шығармашылық табыс, мықты денсаулық және сабыр тілеймін!" деп, ағалық ықыласын білдірген.
Соңғы жаңалықтар
"Алда атқаратын жұмыс көп". Ерлан Қошанов болашақ қызметі туралы сұраққа жауап берді
10:37, 13 маусым 2026
"Бейбіт күн бүгінгідей тым жақын болған емес". АҚШ пен Иранға қатысты тың мәлімет тарады
09:57, 13 маусым 2026
"Көп ұсыныс жасады". Әнші Қарақат Әбілдина көпшілікке сыр ақтарып, тәрбие жайлы толғады
09:47, 13 маусым 2026
«Тегім үш рет ауысқан. Әкем қайтқаннан кейін…»: Әли Оқапов отбасы туралы айтты (ВИДЕО)
18:41, 12 маусым 2026