Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өнерде шекара болмайды

13:50, 06 мамыр 2022 200
Алматыда  шекарашы ардагерлер құрған «Застава тарландары» республикалық қоғамдық  бірлестігінің Алматы қалалық филиалы  ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша  департаментінің бөлімшелерімен бірлесіп, мерекелік шара ұйымдастырды.



7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс мерекесінің 77 жылдығына орайластырып, Алматының  Астана алаңында  әскери концерт өткізді.  ҰҚК шекара қызметі Қарасай ауданы бойынша  шекара басқармасының  әскери қызметкерлері атаулы шараға белсенділікпен қатысты.  Көпшілікке арналған мерекелік шара барысында  ҚР ҰҚҚК Шекара қызметі ансамблінің әншісі Зәмзәгүл Кенжебаева  әскери тақырыпта жазылған рухты жанитын әндерді шырқап, тыңдарманның көңілін серпілтсе, ардагер әншілер  Р.Шукуров, М.Хитяков, Луконский   жеңіс мерекесінің көңіл-күйін сездіретін әндерді  орындады.



Шекара академиясының әскери оркестрі де  тамаша туындыларды тарту етіп, кештің рухын көтерді.  «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру негізінде қолға алынған игілікті іс  жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге серпін беретіні сөзсіз.

Отан қорғаушылар күні мен жеңіс мейрамы қарсаңында алматылықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған елдің шеті, желдің өтіндегі шекарашылар өнерде шекара болмайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Аталған шараны ұйымдастырушы  «Застава тарландары»  республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының  төрағасы, генерал-майор Марат Мәжитов: «Мереке  қарсаңында ардагерлерге рухты әндерді тарту ету арқылы  тарландардың көңілін көтеріп, жастарымызды отаншылдыққа баулып, патриоттық сезімдерін оятуға күш салу мақсатында жүзеге асырып отырмыз», - дейді.

Қуан Нұрдан 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар