Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Оңай серіктес емес»: Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы өнеркәсіп жобаларына баға берді

17:11, 05 маусым 2026

Ресей мен Қазақстан арасында өнеркәсіп және инвестиция салаларындағы бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыру барысында жиі пікірталастар туындап тұрады, алайда қос тарап та әрдайым тиімді ымыраға келу жолдарын іздестіреді. Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында БАҚ өкілдерімен өткен басқосуда мәлімдеді, деп жазады Alash.kz. 

Ресей басшысы екі ел арасындағы байланыстардың жоғары деңгейде дамып жатқанына тоқталып, қазақстандық тараптың келіссөздер барысында өз позициясын өте қатал әрі берік қорғайтынын атап өтті.

Форум алаңында сөйлеген сөзінде Владимир Путин екіжақты қарым-қатынастың қазіргі серпініне оң баға бере отырып, экономикалық ықпалдастықтың ішкі сипатын ашық жеткізді:

«Қазақстанмен қарым-қатынасымыз өте сәтті, өрлеу бағытында дамып келеді. Бұл ретте біздің қазақстандық достарымыз, серіктестеріміз онша оңай серіктес емес екенін бірден атап өткім келеді. Бізде кез келген мәселе бойынша дерлік әрдайым өте өткір пікірталас жүреді. Бұл қаржылық өзара қарым-қатынастарға, өнеркәсіптегі қатынастарға, инвестициялық қызметтің шарттарына, қандай да бір ірі жобаларға қатысты».

Сонымен қатар, Ресей Президенті мұндай қызу талқылаулар мен келіспеушіліктерге қарамастан, қос мемлекеттің түпкі мақсаты ортақ екеніне назар аударды. Оның айтуынша, туындаған кез келген түйткілді мәселені шешуде тараптардың өзара түсіністікке ұмтылуы маңызды рөл атқарады:

«Бірақ бір жағынан да, екінші жағынан да екі тарапқа бірдей қолайлы болып қана қоймай, ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін компромисс табуға деген ұмтылыс бар. Ал ортақ мақсат біреу – ол Қазақстан мен Ресей азаматтарының әл-ауқатын арттыру және дамыту».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар