Жақында немерелі болған танымал әнші Роза Әлқожа сәбидің перзентханадан шыққанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әншінің сөзінше, сәби мерзімінен ерте туылып бірнеше күннен бері оттегімен демалған. Соған байланысты дәрігерлер перзентханадан шығару уақытын шегерген.
«Кеш жарық! Он күннен бері бөпеміз кішкентай боп, оттегімен демалды. Одан өзім ауырып әуреге түсіп ем. 20-сы шығады деп дайындалғанда балалар бөлімінің басшысы тағы жібермеген. Бөпемізді шығаруға бүгін ғана рұқсат беріп, аяқ астынан шығарып алдық! Бата-тілек арнай отырыңыздар. Қуаныш жұғысты болсын! Балапанымыз үлкен боп өсіп кетсінші!», - деді Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында.