Атырау облысы, Жангелдин ауданында болған трагедияға басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы сотта сөз сөйледі, деп жазады Alash.kz КТК тілшісі Жанат Молдашеваға сілтеме жасап.
Күдікті күйеу баланың анасы сот алдында ұлына былай деді:
«Қайтесің?! Көнесің… Күресесің… Өзіңе бекем бол! Құлыным, ешқандай қызық көрген жоқсың! Өмірмен арпалысып өттің. Қалған өмірімде бес немеремді бағып, өсірсем арманым жоқ! Немерем үшін күресемін!
Ақбаянның ата-анасының араласуынан бірге дұрыс өмір сүре алмады!
Сұлтан, сенің артыңда бес балаң бар! Соларға әке болып қаласың! «Әкең бар» деп, оларды жақсы азамат-азаматша болып өсуіне уәде беремін!»