Белгілі әнші Төреғали Төреәлі 33 жасқа толған мерейтойын отбасы мен достарының ортасында атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі бұл қуанышты сәттен бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялап, жылы лебізін білдірген. Мерекелік кешке әншінің бірқатар әріптестері де қатысқан.
"Бүгін мен үшін ерекше күн. Менің өмірімнің 33-беті ашылды.
33 – жай ғана сан емес. Бұл –өткенге шүкіршілік, келешекке жауапкершілік. Бұл –сабыр мен сенімнің жасы.
Өмір маған көп нәрсе үйретті.
Жоғалтуды да, табуды да,
қателесуді де, қайта тұруды да.
Ал бәрінен бұрын – шүкір етуді.Алғыс айту – парыз.
Ата-анама – өмір мен тәрбие үшін.
Жарыма, Толқынға – әр күнімнің тыныштығы болғаны үшін.
Балаларыма – өмірімнің жалғасы, үмітім болғаны үшін.
Жақындарыма – сенім мен мейірім үшін.
Халқыма – мені Төреғали еткен жүрек үшін.Бүгін мен 33-темін. Бірақ менің жолым енді ғана басталды. Өмір – сахна емес, өмір – сынақ пен сауаптың сапары. Мен сол сапарда – әнмен, ниетпен, жүрекпен келемін", – деп жазды әнші.