Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өмірім өзгереді деп ойлаймын". Бибісара Асаубаева ел күтпеген мәлімдеме жасады

16:08, 04 шілде 2026

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшылары рейтингінде бірінші орынға көтерілуді басты мақсаты ретінде атады, деп жазды Alash.kz.

Шахматшы Instagram парақшасында әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енгеннен кейінгі әсерімен бөлісті.

«Шынымды айтсам, әрбір жетістігімнен кейін өмірім өзгереді деп ойлаймын. Бірақ жетістіктерім аз емес: үш дүркін әлем чемпионы атандым, гроссмейстер болдым, Үміткерлер турнирінде екінші орын алдым, Норвегиядағы турнирде жеңіске жеттім, әлемдік рейтингтің үздік бестігіне кірдім. Соған қарамастан, өзімді қабылдауым айтарлықтай өзгерген жоқ. Бірінші орынға шықсам, мүмкін сонда бәрі өзгерер», – деді Бибісара.

Оның айтуынша, соңғы жылдары шахматқа деген көзқарасы мен мотивациясы да өзгерген.

«Қазір мен ойынның өзінен ләззат аламын. Шахматты қатты жақсы көремін, онсыз өзімді жайсыз сезінемін. Ал қысымға келсек, соңғы бес жылда ол шамамен бірдей болды. Тек Үміткерлер турнирінде ғана қатты қобалжыдым. Тіпті бәрін тастап кеткім келген сәттер де болды. Бірақ ол кезең артта қалды», – деді спортшы.

Айта кетейік, биыл 22 жастағы Бибісара Асаубаева тарихи нәтижеге қол жеткізіп, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) шілде айындағы рейтингінде 2538 ұпаймен алғаш рет әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар