Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өмір бойына сотталды»: ШҚО-да 13 жасар қызға зорлық көрсеткен адамға соңғы үкім шықты

09:19, 16 сәуір 2026

Өскемен қаласында 13 жасар мектеп оқушысына қатысты жасалған ауыр қылмыс бойынша апелляциялық сот үкімі шықты, деп жазады Alash.kz. 

Жоғары сатыдағы сот бірінші инстанцияның шешімін бұзып, айыпталушыға қатысты жазаны ең жоғарғы деңгейге дейін қатаңдатты. Алғашқыда небәрі екі жылға ғана бас бостандығынан айырылған 30 жастағы ер адам енді қалған өмірін түрмеде өткізетін болады. Бұл шешім зардап шеккен тараптың наразылығы мен істің қайта қаралуынан кейін қабылданды.

Оқиғаның мән-жайына сәйкес, сотталушы кәмелетке толмаған қызды елсіз далаға алып шығып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Бастапқыда сот бұл жағдайды «екіжақты келісім» деп танып, істі жеңілдетілген баппен қарастырған болатын. Алайда қыздың туыстары бұл шешіммен келіспей, әділдік орнатуды талап етіп, апелляциялық шағым түсірді.

Адвокат Жанболат Әкежанов сот шешіміндегі бұл өзгерістің құқықтық негіздеріне тоқталып, былай деді:

«Апелляциялық саты іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру толық көлемде жүргізілді, барлық қажетті тергеу амалдары жасалды деп есептеді. Апелляциялық соттың пікірінше, бірінші сатыдағы сот тергеу кезінде жиналған барлық заңды, негізделген дәлелдемелерді ескермеген». Осылайша, алдыңғы үкімнің заңсыздығы мен дәлелдердің жеткіліксіз бағаланғаны ресми түрде расталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар